Шатақ шығарды; дау-дамай тудырды. ~ Сол себептi жiгiт қызуына шоқ тастап қоздыра түсу бұған бiр ермек көрiнген. Рас, лаң шықса одан жасқанып, бой тасалап қашатын да Абылғазы емес. Мына қара ала ат, мына кепкен қара сойылды осы Оралбай үшiн сiлтеуден iркiлмейдi. М.Әу. * Қайдағы бір сұмдықты бастап, ел қарғысына ұшыраған қарақшы ғып алалағаны – ақ батады – ау. “Орыс пен екі ортаға дау тұрғыздың, лаң шығардың” деп сені маған жіберіп отырған Тәукеге арызым жоқ. С.Смат. * – Іргеңнен шаң бұрқырап тұрғанда, арманды ағайын, аулыңнан лаң шыққаны қабырғаны қайыстырып барады. Өз қолыңмен өз қоныңды кескілепсің. С.Смат.
