Кез-келген жұмыстан қашпайтын ісмар адам туралы. * Кейде екеуміз оңаша отырғанда, іс – міс жоқ, Бәтиманы мақтай жөнеледі. Қыз болса, менің қызымдай болсын, майлық – сулыққа бірдей. Ақшаны соқтауылдай жігіттеріңнен кем таппайды. Бұған серік болған адамның маңдайының бағы бар дейді. Б.Соқп. ~ Байқаймын, Сейілхан ағам майлық пен сулыққа бірдей. Қазақша аңшы, серілігі, ешкімді басынан асырмайтын өр көңілі де бар. Т.Ахт.
МАЙЛЫҚ– СУЛЫҒЫ БІРДЕЙ
Қолынан келмейтіні жоқ д.м. ~ Ол келгелі бері Ырысбикенің арқа– басы босанды. Майлық– сулығы бірдей соқталы Зияш екі үйдің түйтпегін тындырып, шаруасын шырқ айналдырды. Т.Әл. ~ Әйтсе де мына өмірдегі сыбағасын мол пішіп, кеңінен қамтыған, тіршіліктің талай өткелінен сүрінбей дін аман өтіп келе жатқан, майлық–сулығы бірдей, мінезге бай, жампоз жан алдына үшінші рет келіп жүгініп отырған бозбаланың келешегіне ойша болса да көз жіберді. Д.Дос. ~ Майлық, сулығы бірдей Айжан білек сыбана кірісіп, қаймақ бұлғады, ірімшік, құрт қайнатты, оны базарға апарып сатып тиыннан пұл құрады, балалар мектепке барды. М.Сүн.
