Posted in

МАЙЫП ҚЫЛДЫ

Зақым келтірді, өлтірді. ~ Әйтеуір құдай сақтап, шыны тимей қалды. Әйтпегенде, әкемнің күректей қолынан шыққан шыны сөзсіз майып қылатын еді. З.Нұрт. ~ Айлалы дұшпан жалаңаш қылышқа ұқсайды: жалт-жұлттанып кісіні арбап қана қоймай, абайламасаң, майып қылуы да мүмкін. И.Сап.

  1. Құрбан етті. ~ Үйде тірі пенде болса ендігі бір тықыры білінер еді, шамасы, сыртқа шығып кеткен секілді. Бір күнін майып қылып, қаланың сонау шетінен әдейі іздеп келгенде, мына мелшиген есікке тап болғанына бұның кілт ызасы келді. Д.Әш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *