Posted in

МАҚСАТ ЕТТІ (ҚЫЛДЫ, ТҰТТЫ)

Орындалуға тиіс іс ретінде жоспарлады. ~ Міне, ешуақытта зерттелмей тұйық жатқан бұл өлкелерді аралап көру саяхатшының мақсат еткен көп жылғы арманы еді. Пржевальский сол мақсат еткен жеріне жетіп, Қашғар өлкесінің жүрегі болған Тарим өзенінің бойын, Лобнор көлін зерттеп, Куньлунь тауларының тізбегіне кіретін Алтынтауды кезеді. Ә.Марғұл. ~ Осы өршіл талант иесі Сегіз сері (Мұхаммед – Қанафия) Баһрамұлы Шақшақов кеш те болса әдебиеттен, өнерден өз орнын алуы заңды ғой деп оқырман қауымға кеңірек таныстыруды мақсат еттік. Н.Әбутал. ~ Бабаларымыз ұлт сапасын сақтау үшін жеті атаны сақтаған. Некелі жардан перзент сүюді мақсат тұтқан. С.Досжан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *