Арманға балады, мақсат етті. Арман етті.* Бұл бір сөз қасырет етіп хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. Байға – мал, оқығанға – шен мақсұт боп, Ойлайтын жрттың қамын адам аздан. А.Байт. ~ Шұғаның өлген орнын көру Әбдірахманға мақсұт болды. Б.Майл. ~ Қатыным сұлу болса, қайным бай боса деп мақсұт қылушы ем, сол мақсұтқа осы қыз тура келіп мүлкі, обороты мынау. Қай қара таяқтың мендей қайны болар еді? Ж.Айм. ~ Қособалықтар биыл Айт мейрамын аса бір дайындықпен күтіп, қадір қасиетіне жетуді мақсұт қылды. БАҚ. * Жұмылған көзін ақырын ғана аша түсіп, Абайға әлі де қырындай қарап отырып, Есентайдың бар айтқаны: – Ең әуелі мақсұт еткенім, сенің не дейтініңді білу! Айт, не айтасың мынауыңа! – деп тағы да салмақ тастап, тоқтап қалды. М.Әу. * Түнге оқуға бір қырғыз әңгімесін алдым. Ең алғаш шыққан проза жазушы қырғыз әйелі Айым болғандықтан, соның әңгімесін оқуды мақсұт еттім. М.Әу. * Өз төңірегіне күш топтап, зорлық, зұлымдық үстінен үстемдік жүргізуге құлқы соқпайтын, мақсұт етпейтін ақ еділ адалдығында, адалдық әрқашан бойын таза сақтайды. Ғ.Біл. * Кенесарының сарбаздары да сөйткен. Олар тiрi қалуды емес, жауды жеңудi мақсұт тұтты. Т.Сәу.
