Жер-көкке сыйғызбай мақтады, дәріптеді. ~ Сахнаға шыққан әнші өзін қатты мақтап жібергенін тілге тиек етіп, халыққа сәлем берген. Артынша өнер иесі әнімен елді әуелетті. “Мақтауын да жеткізді енді. Сондықтан сіздермен амандасып, бастап кете берсем болады”, – дейді ол. БАҚ. ~ «Аюдың өтін сатамын» деген жарнамаға көзіміз түскен. Сөйлесіп көрдік. Сатушы бастан башпайға дейінгі мың да бір ауруға ем деп мақтауын жеткізді. БАҚ. ~ Кезінде Димашқа сын айтып “сен секілді әншілерден қорқам” деген ақын бүгін мақтауын асырды. Домбыраны АҚШ-тың төрінде күмбірлеткен Димашты көкке көтерді. БАҚ.
