Жұрдай болды, бәрінен айрылды; дымсыз қалды. ~ Құдай тек қу басыңды сопитып ұрпақсыз қалғаннан сақтасын. Онда тәубе екеш тәубеден де мақұрым қалғаның ғой. Ә.Кек. * Мынау – бөтен тарап, яғни сөз – біздің сұрықсыз, демократиялық, адамгершілік қасиет атаулыдан мақұрым қалған жабайы өлке туралы. М.Мағ. * Алданып көзі жетпей қалған жоқ па, м а қ ұ р ы м сыбағадан жай қаларың? Бихабар алдағы істен ғафил болып, қақпанның білмеуші еді құрылғанын. Мағжан. * Бүгін өзінше бір еркіндік жырына айналған және түркі тектес жұрттардың ішінде тек қазақ пен ноғайда ғана бар жыраулар әлемінен мақұрым қаларымыз хақ. Қ.Жиен. * Бұл сөз Дәнешке «өнерден мақұрым қалған сен ғанасың» дегендей естілді Бірақ елемеген болды Оның есі – дерті Айтқұловта отыр еді. Қ.Жұм. * Қараторы өңі қып- қызыл боп шоқтай қызарды. «Мал, мал деп жүріп бәрінен мақұрым қалған екенмін- ау» деп жаман опынды. С.Смат. * Мен сені, әрине, әл- әзір аренадан тайдырмаймын. Тартыс- күрестен мақұрым болған соң онда мынау ғұмыр мен үшін біраз мәнін жоғалтар еді. С.Смат.
