Қадір тұтқан; алақанынына салып әлпештеген; көзінің қарашығындай сақтаған. * … сонау Семейде мұсылман медіресесінде дәріс алып жүрген жылдарда татар саудагерінің ай десе аузы, күн десе көзі бар маңдайға басқан жалғыз қызына құрық салған. О.Бөк. * Құлеке, маңдайға басқан бір атың болу дегеннің не екенін білесіз бе? Ойбай – ау, ол – тұсауың алынып, шідерің шешілгенмен бір ғой. Әй-әй, шіркін тезірек сөйтсем екен! С.Смат. * «Мал, малдан соң ал! » – дейтін қазақ тігерге тұяқ қалдырмай қи сыпырып әкеткенде де қыңқ еткен жоқ еді, маңдайға басқан жалғыз жүйрігін аударып алғанда жаны шырқырап қоя берді. Қ.Ысқ. * Мамозы осыдан үш жыл бұрын Арыппайдың маңдайға басқан жалғыз бәйге қара атын қолқалап сұратқан. Ж.Ахм. * Басқа жігіт сенен үлгі алса болады. Керек болса, керей саған тағы бір қызын берсін, әдеттегі емес, маңдайға басқан керімін берсін! Ғ.Біл.
