Жолы болып, аты шықты, елге әйгілі болды; бағы жанды. * Он бес жыл ішінде талай адам опық жеп, талайдың маңдайы жарқырап шыға келіпті. О.Сәрс. * – Дұрыс, оныңа разымын, Ақтамақ. Бірақ өмірден тұрмыс құрмай өте алмайсың бәрібір.
Маңдайы жарқыраған бір азамат жолығады, сонда білесің… Н.Дәут. ~ Шешемнің «ажарына ас құйып іше ме, мінезін айт. Шіркін, Шынардың мінезі- ай, біреудің маңдайы жарқырап тұр ғой» дейді. Н.Сер. ~ Алпыстағы шалдың отыздағы жігіттей
бола алмайтыны әлмисақтан бері белгілі. Құдайға шүкір, бұл күнде кадр мәселесі шешілген. Жастарға жол беру керек. Кім біледі, тағы бір талантты орынбасардың маңдайы жарқырап тұрған шығар… Қ.Жұм.
- Ерекше келбет-кескінімен көзге түсті. ~ Әсіресе ортада келе жатқан қақпан бел көкқасқа әр бұрылыстан айналғанда маңдайы жарқырап, суырыла шығып, созыла озып, тынысының кеңдігін, серпінінің күштілігін аңғартады. Үстіндегі Мүсірәлінің
баласы кенедей жабысып, қырғидай түйіледі. Т.Әлім. ~ Маңдайы жарқыраған кербез кісінің бала құсап аяғын салбыратып, жайдақ биенің үстінде келе жатқаны сырт көзге бір түрлі ерсі еді. Т. Әбд.
