Posted in

МАҢДАЙЫНА БІТТІ

Біреудің бағын ашты деген мағынада. * Бірақ Мұқаш оның кәдірін біледі деймісің? Алтынай ырысы бар кедейдің маңдайына бітетін қатын ғой. Ж.Айм. ~ Баланың Ибраһим деп қойды атын, Жаратқан тәңірім өзі нұрдан затын. Әркімнің маңдайына біте бермес, Көтеріп мұндай ұлды тапқан қатын. М.-Ж.Көп.

  1. Қолындағы бар байлығы, өмірден тиген бар несібесі деген мағынада. ~ Хансұлу – Әзбергеннің қарындасы. Пахраддиннің маңдайына біткен жалғыз қызы. С.Елу. * Шақыртып алып, зоотехниктің маңдайына біткен жалғыз жорғасын бұның тақымына басқаны. Д.Әш. ~ Он-он бес қозылы қойдан басқа маңдайына біткен жалғыз торының жайына қарамаса бола ма? Күз болса келіп қалды. Б.Қыд. ~ Паң да тәкаппар кемпір қазір қартайған, әсіресе маңдайына біткен өлім сарқыты – жалғыз қызының ерден қайтып келуі – қатты жүдетіп кеткен-ді. Ә.Сар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *