Бұйырмады, ерте кетті, қайтыс болды, айрылып қалды. ~ Алты ай бойғы алапатта жeңiлмeгeн Отырар Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады. Ақыл-ойын жалындатқан, Өнер, ғылым шамын жаққан Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады. М.Шах. ~ Әсіресе, қазақтың тайқы маңдайына сыймай қыршын кеткен ғазиз перзенті Шоқан қайтыс болғанда оның кісілігі мен ізгілігі айрықша көрінді. С.Ақт. ~ Жатқан жерің жаннат болсын, маңдайыма сыймай кеткен періштем, Рәзия, — деп өзінен- өзі отырып, көзіне жас алып қайғыратын. Б.Мом. ~ Ағасы жазған «Тілді түзету кітабы» секілді жарқын бір дүние өмірге келерін әзір ешкім болжаған жоқ. Отырардың маңдайына сыймай кетер ұл екенің парықтаған жан болмады. Д.Досж. ~ Әй, Махмұт-ай, сипақтап қайтесің. Маңдайымызға сыйдыра алмадық қой. Алаштың ала-құласына жем болып жатқан қызымызды Арқаның ардагеріне қимадық. О.Бөк. ~ Түнеу күні Грон дүкенінен алатын етігіңді құдайекең маңдайына сыйғызбады-ау, ә?.. – Айтпасаңшы. Ересен етік еді. Қалып қалды ғой. Егер сол етікті киіп келгенде, Шалғымбай осы күнге ханға сәлем берер ме еді? – деп Шалғымбай Марданға қарап күліп қойды. І.Жанс.
