Posted in

МАҢДАЙЫНЫҢ БАҒЫ БАР (АШЫЛДЫ)

Дәуірі жүрді. дәуірледі; бағы жанды, мерейі артты, дегені болды, тасы өрге домалады. ~ Кейде екеуміз оңаша отырғанда, іс – міс жоқ, Бәтиманы мақтай жөнеледі. Қыз болса, менің қызымдай болсын, майлық – сулыққа бірдей. Ақшаны соқтауылдай жігіттеріңнен кем таппайды. Бұған серік болған адамның маңдайының бағы бар дейді. Б.Соқп. * … атағы кеткен алысқа, байлығы жеткен ғарышқа маңдайының бағы бар, артында алтын тағы бар, оң жағында ақ отау, сол жағында сары отау, алты арыс ұлы тағы бар бабамыз Сағынай асында үш жүзден келген дүбірлеп, неше бір жүйрік сәйгүлік … С.Жүн. * Байғұс Көпен, кіп-кішкентай, ап-арық боп үйден үй аралап, соқыр боп қалған атасы екеуіне қайыр-садақа сұрап жүруші еді. Маңдайының бағы бар екен де. Енді аштан өлмейтін болды. С.Мұратб. ~ «Бейбағым- ай, ақылы да ақшасы да жоқ мен болмасам өзге әлдекiммен көңiл жарастырып, маңдайыңның бағы ашылар ма едi?! Ж.Шағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *