Posted in

МАҢЫНА ЖУЫТПАДЫ

Қош көрмеді, паңсыды, бойын аулақ салды. ~ Мырзагүл сонда қайтер еді? Тәйірі, қайтушы еді, өзі–ақ өкінер еді… Сұлу болғанда сөйте ме екен! Тіпті маңына жуытпайды. Ш.Айт. ~ Бұны, әрине, Жәнібек білген жоқ. Ал біле қалса, өзіне күйеубала етпек түгіл, оны Орда маңына жуытпас еді. І.Ес. * Ақымақ Хадиша сол күннен бастап өзі де қисық көздері атысып, жер бетінде бала тапқан жалғыз сол сияқты маңына адам жуытпай қойды. С.Досж. * Қозғалғаны – қалқығандай, жымиғаны – еліргенге тиым салғандай. Сыр білдірсем, үркітіп алармын. Сосын тіпті де маңына жуытпас. А.Алт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *