Posted in

МЕЙІР ҚАНДЫРДЫ

Рахат алды, құмарынан шықты. ~ Рақымғалидің бұл ұзақ сүресіне аса риза болмай үйден жабың қабақпен шыққан Әділбек қолына қауға шелекті алып, орталап су тартты да, шелегін шайқап тастады, екінші рет тартқан судан еңкейді де, аузымен мейір қандыра жұтып-жұтып жіберіп: — Уһ — деді. Х.Ес. ~ Сол қымызды бокалға құйып іш, кесеге құйып іш, тостағанға құйып іш, – бәрібір мейір қандырып, дәмі тіл үйіреді. С.См. Бүкіл жаратылыспен мидай араласып кеткен болмыс та, әлем де, тәңір де — бір өзің ғанасың. Өйткені бүкіл жаратылыс сенен басталып, сен махаббат бастауынан мейір қандырған дүниедегі ең бақытты жансың. С.См.

МЕЙІР ҚАНДЫРМАДЫ

Көңілі толмады. ~ Қайтейін құр бейілді Қаңдырмаған мейірді. Арыстан Қайтсем жібір тас көңіл Үнемі маған зейілді. М.Әу. ~ Ақын деген ат болмас, Қандырмай мейір суаттай, Жыры болмай бұлақтай, Тынығы болмай сынаптай, Алатаудан арындап, Асқан судай құлатпай… Ж.Жаб. ~ Тағдырынан ба, тәңірінен бе, кімнен көрерін білмей, жастықтың жеткізбей кеткен қуанышын жасымен бұлап жүргенде, жапырағына жаңбыр тамған қайындай көк желегін көкке көтермеп еді? Құлпырып қол созбап па еді! Әттеген-ай, аш өзекке су тамызып мейір қандырмай жұлып алғандай бопты-ау! С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *