Есінен айрылып қалды; ақылынан адасты д.м. * Наташаның жайшылықтағы жүргендегі ақша жүзі, иығына төгілген жирен шашы, аппақ балтырына меңдуана жегендей болатын бейбақ басымыз … Т.Сәу. * Махаббат деген бәлеңіз қиын екен, мен көз алдым қарауытып, меңдуана жегендей мәңгіріп қалдым. Ә.Асқ. * … Таңмен таласа мақта тиеген жүк машинасына жармасып кетеді. Кешкісін қас – кірпігін шаң басып, көзі ғана жылтырап, меңдуана жегендей сандалып жетеді. Қ.Ысқ. ~ Сенi көргенде, тiптi, ойламаған жер- ден есiме түсе қалсаң да бiттi, өзiмнен өзiм ұялам, елегiзем. Делебе тап болып, меңдуана жеген қойдай сандалам. Р.Рай.
