Posted in

МЕРЕЙІ АСТЫ (ӨСТІ, КӨТЕРІЛДІ)

Мәртебесі өсті, беделі биіктеді. ~ Қиын жол, ауыр күндер болды нәсіп, Дүлей жау құтырып тұр мерейі асып. М.Әу. ~ Бірақ, әлде қалай бір сәті түсіп, жұлдызым оңынан туып, мерейім асқан шағында талай-талай аруақты батыр, кәрі тарландардан бата алғанымды да жасырмаймын. Ж.Сәм.

МЕРЕЙІ ӨСТІ (КӨТЕРІЛДІ)

Мәртебесі жоғарылады, беделі артты. ~ Жәукемен құда боп қайтқалы Күнбаланың көңілі жай тауып, мерейі өсіп қалып еді. С.Ом. Қайда барса да бас иіп, құлдық ұрып тұрған бағынышты жұртын көріп, мерейі өсіп, шалқып келе жатыр еді. Қ.Жұм. ~ – Тамаша тері , – деді, құрбандығының қақыраған даусынан күш алып, қасапшының айрықша шеберлігіне риза болып, мерейі көтеріліп тұрған Жа- лама. – Арық та емес, семіз де емес. Тамаша тері… Т.Жұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *