Азап шекті, қиындыққа тап болды, қиналды. ~ «Ақсақалдар, отағасылар, үлкен аға, кіші інілер! Мен сіздердің араларыңызда өстім. Менің кім екенімді білесіздер. Сіздерді жақтағандық үшін, патшаның заманында менің қандай мехнат шеккенімді білесіздер. С.Сей. ~ Бұл үшеуі етек– жеңі әлі ендей қоймаған жаңа зиратты көз ілмей күзетіп тұр. Көп заман мехнат шеккен, сүйікті елден, туған Еділден аулақта архитектор сол үш қайыңның күзетінде қалды. Х.Ес. ~ Бүгінде өрмек тоқу азайды. Ауылдарда да жүн түтіп, ұршық иіретін әйелдер ұшырасуы екіталай. Қазір резеңке кілем, синтетика төсеніш көбейді. Әлгіндей мехнат шегіп, алаша тоқудың қажеті болмай қалды. Ү.Жәл. ~ Ақырында, сол таудың басына шығады. Көп мехнат тартып, шығып, атайын деп тұрғанда киік: – Ей, батыр, сен мені атасың, бірақ шешең барған соң, саған қастық қылады! – дейді. БС. “Байғұлан”. ~ Өзі жетім боп, көп мехнат көріп өскендігінен бе, әсіресе мұң – мұқтажды, қайғылы – шерлі жастарды көрсе, ондайларға қолынан келген жақсылығын істегенше көңілі көншімейтін. І.Ес. ~ Алғашқыда аяғының тұқылы қолдырап, қажалып үйрене алмай көп мехнат көрді. Т.Сәу.
