Posted in

МИТЫҢ ЖҮРІС

Мардымсыз әбігер; алға әзер жылжитын тынымсыз қозғалыс. * Кəдімгі П. қаласында мені бір ет жақын туысым күтіп тұрғандай асығып, көліктің митың жүрісі жүйкеме тиеді. С.Досж. * Содан түйе үстіндегі қомда келе жатып, тынымсыз шайқаған митың жүрісте толғағы тарқап, аз- аздап айыға бастаған- ды. С.Смат. * Жол ұзақ. Мойындары ырғайдай, мүйіздері семсердей шаншылған ақ өгіздер асықпайтын митың жүріспен тартып келеді. Т.Әсем. * Ербеңдеген қып – қысқа қолдары, кебеже қарынға үлеспейтін бір тұтам аяқтары, бүлкілдеген митың жүрісі мұз үстінде жорғалаған пингвинді елестетті. Қ.Ысқ. ~ тіршілік атаулының, әсіресе, анау митың жүріспен кіп-кішкентай болып бара жатқан адамдардың бейшара хәліне құмырсқаның илеуіне қарағандай бір сезіммен қарап тұрып қалды. Т.Әб. ~ Ол орта жолға дейін менің арбамды айдасып барды да, өгіздің митың жүрісіне жалықты білем, әрмен қарай атты борбайға бір салып желіп кетті. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *