Posted in

МИЯТ ТҰТТЫ (ЕТТІ)

Медет қылды, сенім артты, көңіліне алданыш қылды. ~ Бабалы бидің батасымен Қарпық пен Малыбай достарымен бірге Арқадағы Абылайға кеткен. Қарпықтың сондағы нағашылары арғынның алтай, қарпық аталарына арқа сүйеп, мият тұтып, сол елге барған. ҚАӘ (“Жауғаш батыр”). * Серігі – арық бурыл құнаны. Оның пышақтай өткір тісімен балауса бетегені қыршып алып, күрт-күрт шайнауының өзі сөйлесіп тұрғандай әсер етеді. Елегізген адамға елес үйір, қыбырды мият тұтады. Қ.Тол. * Оның ойында не бар екенімен Ақатайдың ісі жоқ. «Кеңсе жағалап жүргеннен кейін сені де мият тұтамыз, еңбек күніме бас-көз бол» деп қопаңдап қалады. Н.Дәут. * Мөлдірге: – Пәтер алып апамды көшірем алдымен, содан кейін сені алып қашам! ,- деп әзілдейді. – Сағындым! – деген сөзін мият етіп күнін өткізуде. С.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *