Posted in

МІНЕ ЖАНЫМ, МІНЕ ИМАНЫМ

“Өтірік айтсам, өліп кетейін” д.м. уәде беру. * — Өллә-бiллә, тiрi пендеге тiсiмнен шығармайым. Мiне, жаным, мiне иманым, —деп Төребай сол арада дәл бiр ақы-пұлы күйiп бара жатқандай оған жатты да жабысты. Б.Алд. ~ Сонымен бұл жылпылдақ жігітіңіз әдебиет факультетінің оқытушысы Шартық Инешке сол кеште бір уәдесін беріп те салды. «Үш балаң түгіл, он балаң болса да, саран үйленемін, міне жаным, міне иманым» деп тырнағын жалап-жалап алған кездері де, «осыны орындамасам о дүние, бұ дүниеде жақсылық көрмейін» деген сөздері де болды. Б.Қыд. ~ Қасқыр. Міне – жаным! Міне – иманым! Осы антыма иланғын! Келші бір құшақтап, құшырлана сүйейін. Ә.Таб. ~ Омар келгелі Ташпулат ойға көмілді. Бірақ сырын сыртқа шығармайды. — Бала Рысқұловтың інісі екені рас па? — деп қайталап қадалды. — Міне, иманым, міне, жаным. Қалп айтсам, осы тұрған жерімде арам қатыр, — деп қарғанды өңкиген Омар. Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *