Posted in

МІРДІҢ ОҒЫНДАЙ

Дәл, тура айтылған өткір, ащы пікір туралы. ~ Ауқымнан ауа жайылатындар мірдің оғындай ажуаға ұшырайды. Бірақ оларға сөз өтпейді. Т.Әл. ~ Сөзі мірдің оғындай. Түсі сұрланып, «ағайыншылық өз алдына, ал мына тұста мен ешкімді де аямаймын» деп тұрғандай, төңірегіне суық қарайды. Т.Әбд. ~ Сабағаннан да жаман жаза болды бұл. «Мектепке бармайсың» деген сөз оған мірдің оғындай тиеді. Қандай жаза болса да көтерер еді, көнер еді. Д.Дос. ~ Сараның Арқаның атышулы ақыны Біржан салмен өлең сайысындағы мірдің оғындай түйдектеле құйылған шумақтары поэзияның жыныс таңдамайтындығының түсіндіруді қажет етпейтін айғағы ғой. Ф.Оңғ. ~ Арай дәм сызған жоқ. Міз бақпай қалды. Шалының ниетін әбден түсінді. Бұрыннан сезетін, бірақ мұнша шұғыл кіріседі деп ойламаған. Шаршы шалдың оған әлгіде «тәйт» деп тастағаны ауру жүрегіне мірдің оғындай тиді. Ш.Мұр. ~ Төртеуі де азаматтық құқымыз жермен жексен болды деп зар илейді. Және жазулары қандай, мірдің оғындай! Сауатты. Қ.Жиен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *