Posted in

МОЙНЫ ЖАР БЕРМЕДІ

Әлдебір іске, жұмысқа зауқы соқпады, еріншектігі ұстады, жалқауланды; кежегесі кейін тартты. ~ – Кенжем əлі жас. Өзіңнен аз- ақ қалыңқы. Не боп шығарын білмеймін. Бау- бақ, жеміс ек деп баулыған болам. Жұмысқа мойны жар бермейді. О да сылдыраған сөз боп қала ма деп шошимын. Бала деген сол… Ж.Айм. * … оған мойны жар бермей, қапастағы торғайдай жүрегінің бұлқынғаны да, – бəрі де сол толған көкіректің «ымы» деп қыңқ еткен жалғыз дыбысымен сыртқа шығарған лебізі еді. Ж.Айм. ~ «Құранның үстіне шығуға болады. Нанның үстіне шығуға болмайды» деген қазақы шариғат қазақтың нанға зәрулігін атам заманда әйгілеген. Сонда да қазекеңнің мойны егінге жар бермейді7 Ғ.Мұст. ~ Байқасам, нағашымның өзі де құранға құлшылық етіп отыруға мойны жар бермейді екен ғой. Б.Мом. ~ Шын болыс Жүдәбековке баруға мойны жар бермеген осы маңайдағылар дау – шармен Ноғайқұлға келіп жүгінетін болды. Т.Әлімқ. * Көптен бері жиналған, жастық, албырттықтан, бейқамдықтан мойны жар бермей жауапсыз қалған ойлары енді дүмпіп барады. Т.Ахт. * Біздікі сол асқынған нәпсінің желігі билеген жаман ғадетімізге тиым сала алмайтын әлсіздік екенін мойындауға мойнымыз жар бермейтін құлықсыздық қой. Ы.Дәб. * Әйтсе де,сол бала өзінен туғанын іштей мойындайтын сияқты. Сүт әкеліп, пісіріп қойған. Енді соны емізікпен беруге мойны жар бермей тұр. Ғ.Сл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *