Жолы болып, алға шықты, абыройы артты. ~ Демежанның жай қатарда жүрген кезінде еленбей келген міні енді мойны озып, билікке отыратын тұста қалайда алдынан шығуы керек. Қ.Жұм. ~ Ата, жөнім осылай, Қызы сұлу Қырым деп
Қызыққаннан мен келдім. Ұл сұлуы үрім деп, Ұзақ жолдан мен келдім. Рудан мойны озған деп. Өзіңді іздеп мен келдім. Көкетай ханның інісі Төкетай сал мен едім. Кенен Әз. ~ Ұлдың өзі тумайды, келін өзі келмейді. Бәрі де атаның күші, ананың сүтінен тарайды, – дей келіп, өзінің замандасы Құнанбайға байланысты бір әңгіме айтты. – Қазір Арғын ішінде мойны озып тұрған азамат – Абай ғой. Қ.Жұм.
