Мертікті, опат болды. * Үйде отырған қонақтың мамаағашқа байланған атының үріккенін аңғарған бойжеткен «қонақ, қонақ, шылбырың бұғы мойнағы болса, шылбырың үзілді, еліктің мойнағы болса, атыңның мойны үзілді» деген екен. Қонақ жүгіріп сыртқа шыққанда, атының мойны үзілгенін көреді. Ж.Баб. ~ Соның өзінде Шақанды алып түсуге шак қалған, əп-сəтте орын ауыстырып үлгермесе, мойны үзіліп, бел омыртқасы сынып, жыртқыштың астына түседі екен. М.Мағ. ~ Төменге жанұшыра қайта қарғығанда, аяғы тайып, ілгері омақаса құлады. Екі домалағанда, жотадағылар шу ете түсті: – Ойпырай, Заңғардың мойны үзілмесе етті. Б.Ыб.
