Posted in

МОЙНЫНА ЖҮКТЕЛДІ

Тапсырылды, әлдебір міндет артылды. * Етті жуып қазанға салу, тезек әкеліп, от жағу — Құлтуманың мойнына жүктелгендей болды. Б.Майл. ~ Әділдің мойнына жүктелген бар жұмысы – енді ғана толысып келе жатқан нәрлі шөпті ора жайылып, сауын мезгілін өткізіп ала беретін көк биені қайырып әкеп тұру. М.Мағ. ~ Қыста жағатын отынын, қолға қарайтын малға қажет пішенін дайындау жергілікті ұлықтардың мойнына жүктеледі. С.Ақт.

  1. Аманат, борыш болып қалды. ~ Зұлымдықтың ең сұмпайысы — батырдың қанын күнәсіз баланың мойнына жүктегені. Қ.Ысқ. * Менің адамдық қасиетім де, достығым да сол аманатпен өлшенеді. Бұл аманат менен кейінгі буынның да мойнына жүктеледі. Н.Нүсіп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *