Жазалады, қинады, ауыр жүк артты. ~ Абай мұны місе қылған жоқ. Баласының кісілігін ойлап, абыройлы болуын тілейтін әке мінезі де болады. «Өз ықтиярын, өз әмірін баласының мойнына, үнемі кескек қып тағып отырмайтыны да болады» деді. М.Әу. * Жұрт әлгіндей тұтас қаулап, қыбыржығанда оң жақ төрден ұзын сақалын Тайлақбайға серпи қарап, мойнын оқыс бұра: — Уай, тәңір – ай! Атам замандағы аңыздай болған бірдемеге мойныма кескек тағатын болсаң, мен! Мен! — деді. Ж.Ахм.
