Posted in

МОЙЫН ОМЫРТҚАСЫ ҮЗІЛДІ

Омақа асты, мертікті, аяғы аспаннан келді. ~ Кеше ғана үстінен том–том арыз–шағым құрастырып, көп кісілерден “шауып кетті”, “зорлық жасады”, “жесірімізді жібермей қояды” дегізіп куәлік алып, қолын қойғызып, мөрлеп – Батыс Сібір губернаторына жөнелткен аға сұлтан Құнанбай, әй, осы жолы мойын омыртқасы үзіліп омақасатын шығар деп көңіл демдеді, жоталанып қалды. Д.Дос. ~ Соны жанай өте бергенде бір әлдемді күш оң жаққа қарай қатты тартып қалды. Мойын омыртқасы үзіліп кеткендей шым етіп, көзі қарауытып жүре берді. А.См. ~ Шапалақ жағынан шарт етті. Айжан мұндай оқыс қимылды күйеуінен күтпеді ме, мойын омыртқасы үзіліп кеткендей жұмырықтай басы кекжеңдеп шалқалай түсіп, бойын әзер жиып үлгерді. М.Сүн. ~ Ермолайдың аярлығын Тимофей түсінеді, бірақ сонда да мұңын шаға бастады: – Тағдыр ит… – Бұдан әрі ол одан бетер үдей соқты, – мойын омыртқасы үзілгір. Ішкен-жегені ас болмағыр… В.Шук.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *