Posted in

МОЙЫНСАЛ БОЛДЫ

Тағдырына мойын ұсынды; ырыққа көнді. * Оның үстіне тірлігінде қанағатшыл еді. Құдайдың басқа салғанына қарсылық пиғыл білдірмеген. “Шын дүниеде менің барар жерім тозақ” деп мойынсал болған, қылмысын таныған… Т.Рыс. * “Компіске кезінде мал санын жасырған, колхоздасуға мойынсал болмаған” деген айдар тағып, жоғарының нұсқауымен байларды тұтқынға алып, ақ теңізге жөнелтіп жатты. Т.Рыс. * Бұған бәрі де мойынсал болғандай, ешкім үндемеді. Онысы да рас-ау. Алдағы күнге сенім жоқ, ұрпағымыз не күйге душар болар екен?.. Қ.Толыб. ~ Жан алқымыңа түскенде бәріне мойынсал боласың. БАҚ. ~ Күресеміз,күресеміз… Мойынсал боламыз бірде. Жер ана қойынына, Табысталған күн мүрде. А.Кеңш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *