Posted in

ТОҢ МОЙЫН ҚҰЛ

Басыбайлы құл, малай д.м. ~ Ашу-айғай үстінде Сәлменнің “Әкеңді… тоң мойын құл!”, “ертең ғана Сәт болыстың мөрін бастыртып, баукеспе деп абақтыда, абақтыда… шірітпесем, әкемнен тумай кетейін!”, “Жерге қағамын, жерсібір айдатамын!” деп, Бақтығұлды тепкілеп жүріп, төпеп сөйлеген қастық сездері жаза көруші жалғыздың жанына жаман сіңді. М.Әу. ~ Бұл кезде Құнанбай айғай салып, бұйрық беріп:  – Алып шық шеттерінен! Сүйретіп шық індерінен! Қол-аяғын байлап ап шық өңшең тоң мойын құлдың! – деп, Майбасар бастаған барлық Ырғызбайды қораға қарай жаяу қаптатты. М.Әу.

~

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *