Posted in

МОЛДАДАЙ МҮЛИДІ (МҮЛГІДІ)

Сопысу, жалған діндарлық туралы. ~ Мырылдады азандай, Сәлде салды қазандай, Тасбиқ алды қолына. Тап сопыдай сүмиді, Тап молдадай мүлиді, Кірді тәубе жолына. Кіргені оның қалайша? Кіргені оның былайша: Қазан сәлде қаңқиды. Таңырай мұрты таңқиды, Қос құлағы салпиды, Бір момын боп маңқиды. М.Жұм. ~ Алдымен Аралтөбенің жағасында ұшқан қызғышы, жүгірген шілі көзге ілінбейді. Таспиқ тартқан молдадай мүлгіп, әр жерде балық аңдып отыратын балықшы да жоқ. Х.Ес. ~ Дәл осы қалпында да еш нәрсеге назар салған кейпі жоқ, толқын үстіндегі жаңқадай дірдек қаққан “инеліктің” тұмсығында отырып та тер алдында мүлгіген молдадай бейғам. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *