Туыстық атау – шешесінің әкесі немесе шешесінің жасы үлкен туыстары. ~ Өзінен сұрасам қайтеді, кітаптарды неге жинайтынын? (Орнына оралып.) Тағы бір өсекте, осы шаһарға жуықта пайда болған дуананы, менің туған нағашы атам деген сөз бар. Оны әнеу күні дарбаза алдында бір көрдім де жоғалттым. Қайда, ол?!. (Жыламсырап.) Тәңірі, бақытсыз маған бір туысқанды да қимағаны ма? Ата!.. Неге көрінбейсің?! С.Мұқ. ~ Азат ағасы Сүлеев: “Сен туғанда мен ес бiлетiн ересек едiм, – дейтiн. – Нағашы атаңмен қорамыз жапсарлас көршi тұрдық. Әкең ол кезде Ташкентте ковалерия полкiнiң командирi болатын. Т.Сәук.
