Жарасымды ерке күлкі. * Нағиманың шырайы күлімсіреулі. Бұл – дос-жарлықтың белгісін беретін наз күлкі ме? Әлде, табалаған жаудың астарлы улы күлкісі ме? Б.Май. * Ал күлкісі қандай тәтті еді десеңші! Оның табиғатында өзіне ғана тән , жарасымды бір наз күлкісі болушы еді. Ж.Сәмит. * Бірақ үн бұл күткендей болмады, құлаққа сыңқылдаған қыз күлкі, наз күлкі жетті… М.Қаб. * Әлде түсі ме екен?.. Жалт-жұлт еткен танадай көзі, наз күлкісі, сосын мынау өкшесін серпіп басатын сылаң желіс… Қ.Ысқ. * Төбе басынан шығып келе жатқан күнмен таласып отырған жігіт түндегі алтыбақан басындағы ойын-сауықты, наз күлкіні тағы да есіне алып, өз-өзінен жымиды. О.Бөк.
