Қулық-сұмдығы мол, терең, түбіне жете алмайсың д.м. ~ Оның бүлдірмеген елі, екпеген пәлесі жоқ. Ол абақтыға жүз түсіп, жүз шыққан… Ол — бір сынап. Оның өтірігіне найза бойламайды. Ол бір — су; орысшаға да, қазақшаға да бірдей. Ж.Айм. ~ Қайрат қылар деген Бәйге жирен алдыңғы тобын тоқтатпақ болып кісіней жүріп, малдың алдын орай бергенде, әлдеқандай бір опқа күп беріп түсіп кетті. Жардың ернеуі мен арғы ойы толған қар, найза бойламайтын обыр, опқының өзі еді. Жирен айғыр жар астындағы опқа салмағымен сүңги құлады. М.Әу. ~ – Пай-пай, мыналардың машығына найза бойламайтын шығар, – деп шал додаға тосыннан қосылғандарға қызыға қарап қалыпты. Қ.Най. ~ Тісерлікті еркелікпен жауып, сезімді емеурінге жеңдіретін еркін мінездің қатпарында көн жібітер наз қылық, қара төпеуге жеткізбейтін жүйрік көңілі мен найза бойламайтын қулықтың да жатқанын іші ұғып отыр. Сосын арам тер болып босқа шабудың қажеті қанша. Қ.Ысқ.
