Биіктік, ұзындық, тереңдік шамасын білдіретін халықтық өлшем. * Кім білсін, тұщы су найза бойында ғана жатқан жерлер бар шығар. М.Мағ. ~ Наурызбай өздігінен келіп торға түскен соң қырғыздар жазалауды жеделдетіп, алдымен соны найзаға шаншады. Найзамен шаншып төбеге көтеріп: “Наурызбай енді қалайсың?” деп келекелегенде: “Сенен әлі де найза бойы жоғары тұрған жоқпын ба, сақау қырғыз!” деген екен ол. С.Ақт. ~ Ерекше бір ынтамен ықылас қоя шырқалған ән дом- быраның демеуінде бір орғып, бір басылып, бозторғайдың қанатындай қалтырай қалқып, найза бойы жерде бір ауық дамылдап тұрды да, бабына келген бала бүркіттей тосын секіріс жасап, самғай ұшып шалғайға шарықтап кетті. С.Үс.
