Posted in

НАМЫС ІСІ

Адамның ар-ожданына, абыройына, ұятына қатысты д.м. * Мынау Өзбекстан Ташкен, ал мынау Қазақстан деген сөз мәдениеттен мәдениетсіздікке, үлгілі еңбек өлкесінен тоғышарлыққа, барлықтан жұтаңдыққа, мемлекет мырзалығын сараңдыққа, көркемдіктен ластыққа, былапытқа, асфальт жолдан шанды оқапты, қисық соққан сұмырай жолға ауысудың шекарасы боп тұру мүмкін емес. Республикалық намыс ісі. Бұл — Сарыағаш туралы жайлар. М.Әу. * Қонақ кiсiнiң сөзiнен кейiн ол ел шетiнде жүрген кiсiлердi ұстауға Сүйiнғара кеше түнде бiрден-ақ бел шешкен. “Ат сабылтып мен деп келген екен. Менiң одан жалтаруыма болмайды. Ол – намыс iсi. Өлсем жау қолында-ақ өлейiн. М.Әбдіх. * Абай да айтқан: «Бас қосылса арысқа, кім шабады намысқа» деп. Арысқа түсу – намыс ісі. Шал ақын «Арыста намыс сөйлейді» деп дәл анықтама берген. М.Азб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *