Қорлады, шамына тиді. ~ Цебен-Рабданның «қазаққа қастығым жоқ еді, өздері намысыма тиіп, «қалыңдығымды тонап, қорлады» – деген уәжі атаусыз қалар … Т.Жұрт. ~ Екі сөзіңіздің бірі қорлау, кемсіту, намысқа тию, ақырында міне, жылату. Сіз менен он екі жас үлкенсіз. Менімен қатарыңыздай, жауыңыздай сөйлейсіз. Д.Ис. ~ Осы оймен Ғалия Балуанды қанша тізгіндеймін дегенмен, кейде айырылып қалады. «Қорғалап өлем бе? Тәңірі өзі берген жанын өзі алмай ма?» – деп ол намысына тиген жерлерде сыбағасын жібермейді, ерегіскен адамына қолы да, тілі де тиіп жүреді. C.Мұқ. ~ … әйтсе де оның сөзге сараңдығы бар, оның үстіне кейде аяқ астынан қитығып қалады, бұл жерде дөкірлік көрсетіп алмай, үй иесінің намысына тимей сыпайы-сынық сөйлеген дұрыс. Н.Қам.
