Күн көріс қамымен жүрген пысықай. ~ Балалар жаңағы адамнан: «Қайда барасыз», — деп сұрайды. Ол адам өздерінен: «Сіздер қайда барасыз?» — дейді. Бұл үшеуі «нан талап» дейді. Әлгі адам да «мен де нан талаппын, қарағым» дейді. “Қ.Ерт.” ~ Бұған керегі мыс пен аллюминий. Көзегенін кезіктірмеді, нан талаптар шегірткеше жайлап кетіпті. Ө.Кәр. ~ «Бүркіт шабытты келсе, қырандығы шығар, жігіт шалымды келсе, ұландығы шығар. Бұл маңайдағы нан талап аңшыдан сенің жолың бөлек. Нағыз қара көз қайтпас қараны қолыңа қондырғың келсе, қырғыз ағайындардың тамырын бас. Ө.Кәр.
