Салақ, былапыт, лас, кір басқан. ~ – Тоғай бойынан құсбегі шықпайды, құс салуға қолы тимейді, деп кешегі бір қырдың нас басқаны өлгенше мақтанады. Ж.Айм. ~ Сүйдірген сені маған қола жүзік, Қолыңа саудырлатып қойған тізіп,
Кісі алдында қасынып теріс қарап, Битіңнің бытырлатып мойнын үзіп. Нас басқандай бит басқан, Міне, сұлу жұрт асқан! С.Тор. ~ Морис босата берді де тізесімен белімнен төмен жерден бір тепті. Жаным көзіме көрінді. – Нас басқан дүлей! – деп айғай салдым. Дж.Сэл. ~ Қайралмаған қанжарды тот басады, жүрмеген жолды шөп басады. Кемшілік айтылмаған адамды нас басады. Мен сені мыңды айдап бірді мінген, бip сөйлеп мыңды жеңген, баяғы, Нұрмамбет пе десем, сені де қара басайын деген екен. Ж.Ахм. ~ Мезгілсіз жүйкені қысқан, Не деген айықпас ұйқы. Мұңына хакімнің ауыр, Желп етпес нас басқан сана. Ы.Дәб.
