Неге маған өшіктің, менде не кегің бар д.м. * Мені осынша кедей қылғандай не әкеңнің құны бар еді сенің деп Тайман шалқасынан жатқан Мырқалды көк қарынның тұсынан тартып тартып жіберіп еді, ол қарнын сипалап ойбай сала атып түрегелді. Ә.Әб. * “Қу құдай, бар болсаң, естір ме едің? Неңді алып едім, менде не әкеңнің құны бар еді?! ” — деп бастайды, содан әй кетеді, әй кетеді … Ә.Тар. ~ Оны ақсату үшін бар қазақ жұмысшыларының атын былғайсың. Оларда қандай әкеңнің құны бар? Ә.Әб.
