Posted in

НЕ ЖОҚ (ЕКЕН)

Не теңі д.м. ~ Жиренше қолынан ұстай алып, бетіне бетін тақап:  – Ананы қара! Мынау ұрғалы жатқан шалды қара! Осы Қодардың жақыны. Өзі шал. Өзі Борсақ. Жексен!.. Бұған не жоқ екен, көк төбетке!? – деді. Абайға нағыз өлтіруші осы сияқтанды. М.Әу. ~ Балалардан қалыспайын дегендей — тырбаңдап секіріп көлбақа аңдады. Өзінің түрі оңып тұрғандай, — қажының ұнатпайтын мақұлығы — осы көлбақа, аяғының астына келген біреуін таяғымен ырғытып: — Шіркін… Не жоқ екен бұларға?.. — деді тыржиып. Б.Майл. * Мәкалай заманында Бұқарай Шәріпте оқып шыққан алым кісі сөйткесін, былайғы қараңғы қазаққа не жоқ… О.Сәрс. ~ Сары ала таңнан оларға не жоқ екен десейші. Е, бүгін, айтпақшы күн жұма, жазғандар мешітке намазға асығып барады екен ғой. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *