Несін айтайын, сонымен, сөйтіп. * Не керек, өзгесін не қылайын, сол інім жақында келді. Осы күнде үйімде ғаріп болып, сорлап отыр. Қол-аяғы үсіген, домаланып қалыпты. Өлімші боп, зорға жетті. Өзі арығанда екі құлағынан күн көрінеді. М.Әу. ~ Халал сүт емген жолықса Болар ма еді арманың? …Бай бол – малың не керек? Патша бол – тағың не керек? Жалғыз-ақ ойла дүниені Сапардан жалғыз қалғаның. Шортанбай Қанайұлы. * Жұрттың бәрі сөз сатқан,
Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңірі атқан — Шыр айналған дөңгелек. Абай. * Заңғар көкке самғағаным не керек, Саған ұшып бармаған соң арманым. М.Шах.
- Не қажет, қандай мұқтаждық бар д.м. * Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек. Абай. * Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек? Соны сөйлелік. А.Байт. * Үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек. М-М.
