Не бопты, не себеп д.м. * Қамқаға жалт бұрылып: — Шақыршы әлгі жемтік аңдыған немелерді! – деген тағы да. Шығып бара жатқан әйеліне қажыспен аяй қарап қалды. “Апыр-ай, маған не көрінді бүгін… ” О.Бөк. * Сыбайластары сонда да сыр бермеді. — Өй, Арасанбай, саған не көрінді? — деп мұның бетіне таңырқай қарасты. Ә.Тар. ~ — Сүйменқұл, жетер! Доғар сөзді! Анау иттің үстіне су құйып жібер! Өлердей ішіп әкесінің құны кеткендей не көрінді екен! — деп Тұрған қайта ширады. С.Сма. * Жапал мынаны танып отыр. Түрінен, даусынан, қимыл-қозғалысынан… Соның дәл өзі. Ол да таныды. Танымай не көрінді. Қ.Түм.
НЕ КӨРІНІПТІ
Сонша не болды. * Құдай сақтасын, оқуға түсе алмады деп тауы шағылып не көрініпті. Қой, етек-жеңін жиыстырып, ширау керек шығар… Ш.Құм. * -Жігіттер, сәл шыдаңдар. Жаз бойғы еңбегіміздің жемісін көруге аз-ақ қалды. -Шыдамай не көрініпті бізге?-деп сөзге араласты Айбалтаның аспиранты Асқар. С.Досан. * – Жоқ, сол цифр күйінше қалады. Бұл өз малым. Өкіметтің малы шетінен ақ мәліш, менікі қазақы қара қой. Еті сасық ақ мәлішті сізге сойып не көрініпті! Д.Исаб. * — Өй, оны қойшы. Ерәлiнiң Қыжымы секiлдi жел сөзге қарық қыла салады. Оның қолынан не келер дейсiң. — Не көрiнiптi, келер. Б.Алд.
