Posted in

НЕ ҚАЙЫР, НЕ ҚАСИЕТ (РАУА)

Әлдебір істен (кісіден) не игілік күтерсің д.м. ~ Мақтан үшін, өңкенің көзіне түрту үшін әдейі қызартқан мүліктен не қайыр, не қасиет! Батыр да, балуан да — пәнде. Бәрі баяғы Құдай атқан қу мақтан, жұрттан артық қасиет таныту… Ж.Нәж.

НЕ ҚАЙЫР, НЕ РАУА

Не пайда д.м. ~ Құрдасы – Абдулхай антұрған : “Әй, қара айғырды қанша жусаң да ағармайды. Ендігі тоңқаңдағаныңнан не қайыр, не рауа!” – деп қыжыртады көрген жерде. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *