Қаншалықты, мейлінше, барынша. ~ Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ. Біреулер к… не құрым киізді малшып тыққан соң исі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр…Абай. * Бiрақ әйелiне не құрым елеусiз салқын қараса, сол құрым Абай балаларына аса мейiрiмдi, сағынышы күштi әке боп келдi. М.Әу. ~ Құла – сары мен жиреннiң аралығындағы түс; басы мен денесi жылтыр сары не құрым сары, сауыры мен жал құйрығы қара, жотасында құйрығына дейiн созылған жiңiшке жолағы бар жылқы. Ә.Қайд. * Алалға қарсы хан болдың, Тентекті сүйеп не құрым. Азған сені көргенде, Қайнайды менің зығырым. Дулат Баб.
