Түсінбеу, таңырқау, налу. * – Сен шіркінді қойсайшы… қойшы, Керімбай! Не керек сондай сөз?.. Сүйген деген не өзі? Мен нанбаймын ондайыңа… – деп тыржиып тұрды. Ж.Айм. * Не өзі? Мен қырсықпын ба, бүгінгі күн қырсық па? Жұлдызым терісінен туды да тұрды. Қолтығынан демейін деп кассирдің қасына шауып барып ең, алғыс айтқанның орнына ит терінді басыңа қаптады. М.Қаб. * — Жәмеш ағаны мен де түсінбей-ақ қойдым. Сандырақтап жатып қайдағы бір тоқал сиырды аузына алады. Сол тоқал сиыры не өзі? Д.Әш. * Бұл не өзі? махаббат па? Ол едәуір: мүмкін бес жас, мүмкін елу жас… үлкен ғой… Бұл не өзі? …көзсіз, ессіз сезімнің бозбаланы буындырып, мойнына қыл шылбыр болып оралуы ма… Бұл не өзі?.. О.Бөк.
