НЕ ПӘТУА ТАПТЫ (ШЫҒАРДЫ) Не пайда көрді. ~ Күйші, өлеңші дегендерің де күлімсіреген еркекке емешегі құрып, есі кетіп қалатын жел қуық ұрғашы сияқты ғой. Солардан не пәтуа табылады. Ә.Кек. ~ Сонымен басқалар-ақ шайнассын. Сасық күзендей шақылдаған немемен байланыса беріп, не пәтуа табамын? Осы өкпе тұстағы жалғыз аяқ ат жолдан көш шығарып, көш құлатпақпын. Ә.Кек. ~ Сен бейбақтар осы дүниеге келгелі тауқыметті де аз тартқан жоқсыңдар, бармақты да аз тістеген жоқсыңдар. Бірақ содан не пәтуа шығардыңдар? Жабырқасаңдар — адамсыңдар, масайрасаңдар — хайуансыңдар. Ә.Кек.
