Posted in

НЕ СҰРАЙСЫҢ

Не күтуге болады, не қайран, не істей аласың, нендей айып тағасың д.м. * Бірақ жарау шағында жындана құтырған түйеден не сұрайсың… Амал не… Ш.Айт. * Тұтанып өршуге бет алып тұрған араздық ал енді дауламасы бар ма? Дүрілдеген өсектер, гүрілдеген өсектер судай ағылды. Әй, не сұрайсың?.. С.Торы. * “Нүрекең жүз кісімен өзі барып, Қамарды әкепті, бірақ айла болса керек, Қамар үйінен шыққаннан талып, әлі есін жөнді жимаған, әлсін-әлі аузына келгенін сөйлеп, шатаса береді дейді” — деген хабар жұртқа дүңк ете түсті. Әйдай!.. Не сұрайсың, қайырлы болсын айта Нұрымға қарай ағылған лек-лек кісі!.. С.Торы. * Қыр үстіндегі ұзынша қыстауға таяғанда тамағын кеней түсіп үн қатты: — Ықсанжан, асыл тастан, ақыл жастан деген. Алжасқан менен не сұрайсың? Қалқиып жүргеніміздің ұшпақ емес пе? М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *