Мұнда не мән жатыр, не мағына бар. ~ Төле: – Бұл ненің белгісі?» – дегенде, бәйбіше: – «Түбінде билеген еліңді осылай сапырып быт-шытын шығарармын», – дегені, ол енді осы кеткеннен оралмайды», – дейді. С.Мұқ. ~ Бір қызға — бір қапшық хат! Ал, туған інісі Ержанға екі айда бір-ақ хат жазады. Онда да “Амансыңдар ма, аманмын, аман болайық”… Бұл не сонда, ненің белгісі? М.Қаб. ~ Табиғаттың да, оның ең ғажайып туындысы адамның да ашық, жайдары болғанына не жетсін. Жүрегім асау аттай тулап, атқақтай соққаны несі? Сезімім алдамаушы еді, бұл ненің белгісі?.. С.Досан. ~ Өз ойынан өзі қашып, тез тұрып кетті де, киіміне қол салды. Келіншегі мен телефон таныс бикешті салыстырғаны неткені? Және ненің белгісі? М.Қаб.
