Posted in

НЕҢ (НЕСІ) КЕТТІ

Неге қиналасың, саған еш ауырлық түспейді ғой д.м. ~ Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Абай. ~ “Саған келер зиян, мойныңа түсер ауыртпалық жоқ қой” д.м. * – Мұның өзі серім ғой, Қамал бұзған ерім ғой. Тіленші би, нең кетті, Еркелеткен өзім ғой. “Жәнібек б”. * Қыз болса, тегі, жамандық ойлау керек пе? Тіпті, сондай болған күннің өзінде, «байдың малын байқұс қызғанып», сенің нең кетті? Қайта, “жарайсың, Бәке, шайқа!» демейсің бе! Т.Сәу. * Қойса қойсын-ау, жууын айтсайшы. Өзін шинелімен қойыпты, қатпар-қатпарына тұрған шаңды кетіру құдайдың бір азабы. — Оған нең кетті, суды шашасың да кетесің. Д.Ис.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *