Posted in

НЕШЕ АТАСЫНАН (БЕРІ)

Баяғыдан бері, атам заманнан. * – Құдай-ау, неткен көк мылжың? «Илалламен» жер өлшеу неше атасынан қалды екен мұның. Оны әрі айтып, әрі санау неткен бейнет? Не деген мылжың тауандылық? – деп ойлаған. М.Әу. * … міне, соңғы неше атасынан бері қыспақ керіп келе жатқан, үлкен ұлдары жазыксыздан жалаға ұшырап, Сібір айдалған, өмір заңы, табиғат заңы бойынша біздің нәсіл, біздің жұртты жек көруге тиіс Сыпатай мырза мен Зербала бәйбішеге қарап отырып, мен ата-ана дейтін сорлы жұрттың көңіл күйін, жан сырын ұққандай едім. М.Мағ. * Хожанияздың тегі кім екенін білген жан жоқ. Хиуада неше атасынан бері тұрады. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *